s

 №45 "Ақ Орда" мектеп-гимназия сайтына қош келіпсіз!

  

Дәстүрлі мерекелік шаралар

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында өтетін «Сыңғырла,сылдыра соңғы қоңырау!»   атты мерекенің сценарийі

 

Уақыты: 9-00
Барысы:

1 – жүргізуші: Мектеп маңы алқызыл гүлдер тұнған
Әсемдікті байқайсың әсте мұнан.
Күндегіден табиғат өзгешелеу,
Шуақты күн қарайды биік шыңнан.
2-жүргізуші: Сыңғыр толы күлкілер жарасымды,
Бүгін мектеп өзгеден дара сынды
Сыбыр-күбір жаз сыры шертілуде
Үлкендер де осында бала сынды.
1 – жүргізуші: Бағыт алып,Ордаға көше бойлап,
Жайсаң жүздер келеді гүлдей жайнап.
Ұзақты күн қарағың келе берер,
Бүгінгі ғажайыпқа ғажап аймақ !

2-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі мерекенің  қонақтары !

  1. жүргізуші: Бүгін,шуақты мамыр айының күнінде,барша оқушылар қауымы асыға күткен мереке де келіп жетті

2-жүр:   Ендеше «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынының басты кейіпкерлері- мектеп бітіруші түлектерді ортаға шақырайық !

(«Школьный вальс» әнінің әуенімен келеді )

1 жүрг: Міне олар,мектеп бітіруші түлектер !

2-жүрг:  Бірінші лекте 11 «А» сыныбы.
Сынып жетекшісі  Шолпан Әбсадықова

1 жүрг:     Алдымызда 11 «Ә» сыныбы !
Сынып жетекшісі  Гүлбарида Махаш

2-жүрг:     Шеруді 11 «Б» сыныбы аяқтап келеді !
Сынып жетекшісі Гүлдана Байкенжеева

1-жүрг: (салтанатты түрде)       
Құрметіне көк тудың тік тұрайық,
Алаңдап   басқаға біз  бас  бұрмайық.
Аманат ту әкелу рәсіміне,
Куә болып қанекей қарсы алайық.

Әскери жетекші: Жиын назар аудар! Туға қарап түзел !

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Туы енгізілсін!
( Ту енгізіледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)

1 жүрг: Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару        
ұйымының президенті  рапорт беруге дайындал !

Әйгерім ( рапорт беріп):    Жиын еркін тұр !

2- жүрг:                 Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал  жандар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда,
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар       

1-жүрг: Соңғы қоңырау мерекесінің қонақтары:
Аудандық білім бөлімінің бастығы Оңғаров Қалиолла
Кенбайұлы
2- жүрг: Ардагер ұстаз Сейтенова Баян Сейтқасымқызы

 

1 жүрг: Аудандық тест орталығының директоры Үркімбаев 
Шералы Шертайұлы

2- жүрг: Мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы  
Құрбанғалиев Әбдіхамит Уалиоллаұлы

1-жүрг: Мектептің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі   
Әбдіқадірова Айткүл Әлиқызы

2-жүрг: Мектепті 1980,1990 және 2000 жылы бітірген      
түлектер

1-жүрг: Мерекелік жиынды ашу үшін сөз мектеп директоры 
Жібек Орынбайқызы Баймұратоваға беріледі.       
( Құттықтайды.Мараппатайды )
 
2-жүрг:            Ажырамай мектеппен бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпен өзіңізге
Түлектерге арналсын тілегіңіз

1-жүрг: Мерекелік құттықтау сөз аудандық білім бөлімінің       
бастығы Оңғаров Қалиолла Кенбайұлына беріледі.

1-жүрг: Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың «Халық пен халықты,адам мен адамды теңестіретін білім» деген дана сөзі бар.
2 жүрг: 11 жыл сол білім гранитін кеміріп,Қазақстанның әлемдегі кез-келген елімен терезесі тең болуға болашақта үлес қосатын, алдағы оқу жылында 1 сыныпқа келетін бүлдіршіндер бар, соларды ортаға шақырайық.
(балалар музыкасымен даярлық тобының оқушылары кіреді. тақпақтарын оқиды)

1-жүрг: Бітіруші түлектердің бүлдіршіндерге айтар       
аманаты бар екен.
2 жүрг: 11 «А» сыныбының үздік оқушысы 
Тілеулиева Меруерт!

(құттықтап ескерткіш-белгі тапсырады)

2-жүрг:  Қонақты сыйлау  қашаннан бізде қасиет,
Бүгінгі мерекеде  айтылар көп ақ ниет,-

деп құттықтау сөз Сейтенова Баян Сейтқасымқызы
мен Үркімбаев Шерәлі Шертайұлына беріледі.

2-жүргізуші: Түлектердің бәрі де бір-бір өлең,
Көздерінен жайнаған нұрды көрем.
Түлектердің атынан сөз сөйлейді,

                                    Кәдірхан мен Мөлдірдей үлгілі өрен.
(мектепке, ұстаздарға алғыс айтады.)

1 – жүрг: Түлеп үшып түлектер
Өмірге қанат қақпақшы
Дүрсілдейді жүректер
Жарып гүлін ашпақшы

2-жүрг: Алдыңда тарау жол жатыр
Кәмелетке келдің сен
Балалықпен қоштасып
Жастықпен ірге қондың сен

1 – жүрг:  Алдыңғы толқын аға-апаларының ізін басар 10 сынып  оқушыларының достық тілектеріне кезек берейік
Жәрдемхан Назерке бастайды

1-жүрг: Қуанышты өткен күн
Құтты болғай дескен күн
Ата-ананың көңілі, Көпке жетіп өскен күн

2-жүрг: Шәкірті пейілді болса,ұстазы мерейлі болмақ.Ал баланың тануға-білуге деген құштарлығының негізі  отбасында қаланбақ.Ендеше білім игерудегі жетістіктеріміз үшін ата-аналарға да қарыздармыз.Сондықтан біз дегенде ешнәрсесін аямаған ата-аналарға үлкен алғыс айта отырып...
2-жүргізуші: Ата-аналар атынан мерекелік сөз
Әбдіхамит Уалиоллаұлы және Айткүл Әлиқызына беріледі

2-жүрг: Мектеп жайлы ойлары бар келелі,
Жырға толы көңілдердің кешені.
Қанат қағып армандарға жол тартқан,
Қайта оралды түлектерің кешегі.

1-жүрг: Өз кәсібін шыңға шыңдап құрықтайды,
Ұстаздардың ұстанымын ұлықтайды.
Ұзақ уақыт өтсе де бұл түлектер,
Өз мектебін мәңгілікке ұмытпайды.

2-жүрг:   Біліктілер білімімен қорғаныста,
Жетті олар бүгінгі күн мол табысқа.
Түлектер өз мектебін ұмытпайды

Міне,бүгін жүректері толғаныста-деп                                                

10 жыл,20 жыл және 40 жылдан кейін алтын ұя мектебімен қайта қауышып жатқан түлектерді қошеметтеп бір қол соғайық. Осыдан 10 жыл, 20 жыл және 40 жыл бұрын мектеп бітірген түлектерінің атынан ортаға мектептің 1980 жылғы түлегі______________________________________шақырамыз.                                                 

1-жүрг: Ал мектеп оқушылары үшін қуанышты да қимас сәт келіп жетті. Олар  оқу  жылының аяқталғанынан хабар беретін қоңырау үнін асыға күтуде.

2-жүрг: фанфар ойнайды (салтанатты түрде) Соңғы қоңырау ұру құқығы 11- сынып оқушылары «Алтын белгіге» үміткерлер Аманқұлова Ұлдана мен Бадамбеков Исатай және жас бүлдіршіндер Рахметова Жазира мен Рысдәулет Нұрасылға беріледі !

(Екінші айналымда -Исатай Тудың қасына келгенде):

1-жүрг:  Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма.
Күлкідей әсем сылдырлап,
Бөбекті жиды маңына.
2-жүрг:  Білімнің гүлін ашылған,
Терумен оқып жүр екем.

  Бақытқа бізді шақырған,
Қоңырау дауысы жыр екен
(Хлопушка атылған соң)

1-жүрг: Әркімді сұрақ жетелеп
Жолдарға салар әр тарау.
Құлақта мәңгілік қалар тек,
Күмісше сыңғырлап коңырау.

2-жүрг: Жыл сайын асып бір белден,
Он рет көктем күз келген,
Қимастық сезім көреміз,
Балғын да балаң жүздерден.

 

Әскери жетекші: Жиын назар аудар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкетілсін !
( Ту шығарылады)
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады) 

2-жүрг: Бүгінгі салтанатты жиынды мектеп бітіруші түлектердің орындауындағы «Қоштасу вальсі» әнімен  аяқтайық
(хормен ән орындалады.)

2-жүрг:Үлкен өмірге жолдама алып жатқан түлектерге ақ жол     
тілей отырып !...
Бірге: Соңғы қоңырау жиынын жабық деп      
жариялаймыз !

1-қыркүйек –“Бiлiм күнi” құрметiне арналған салтанатты  мереке сценарийi

1-жүргiзушi: Қайырлы күн, құрметтi ұстаздар мен ата-аналар!
2-жүргiзушi: Армысыңдар, мектеп оқушылары!
1-жүргiзушi: Білім әлеміндегі  дәстүрлі мереке бастауы, баршамыздың асыға
күтер салтанатымыз -алғашқы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер..
2-жүргiзушi: Білім мұхитының  “Сыңғырла, алғашқы қоңырау!” атты мерекесі-баршамыздың асыға күтер  мерекеміз.
Әскери жетекшi:  Мектеп оқушылары, Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақ елінің туына сап түзеңдер!
“Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк  туы енгiзiлсiн!” ҚР мемлекеттік туын енгізу рәсімі мектебіміздің үздік оқушыларына тапсырылсын.
(Бұйрық берiлгеннен соң сапты қадаммен аяқ басқан ту ұстаушы топ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын енгiзедi.
   Ту ұстаушы топ оқушылар қатары алдынан өткеннен кейiн, мектеп сап түзеуiнiң төрiне орналасады.)
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы енгiзiлгеннен кейiн iс-шараға қатысушылардың барлығы  Қазақстан Ренспубликасының мемлекеттiк Әнұранын орындайды.
1-жүргiзушi:  “ Сыңғырла, алғашқы қоңырау” мерекесiн ашу рәсiмi мектеп директоры------------------- берiледi.
2-жүргiзушi:  Білім бәсекелестігінде  өз біліктілігімен танылған биылғы жылы біздің  №....................... .мектебімізден ұстаздық жолының бастауын бастағалы тұрған жас мамандарды құрметпен қарсы алалық:
1.      
2.
3.
(Ән және жас мамандарға гүл шоқтарын тапсыру)
1-жүргiзушi: «Әрбір елдің келешегі- мектебіне байланысты»-деп ағартушы Мағжан Жұмабаев  айтқандай, кемел ойлы еліміздің болашағы –бастауыш сыныппен қоштасқан  шәкірттерімізді ортаға шақырамыз.
1-оқушы:  Мектебім- айтар әнім,
Сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды-
Өзіңе қайтарамын.
2-оқушы:  Алдыңа келіп ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Сипадың да басымнан
Әліпппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
3-оқушы: Ұстазымның «біліп ал деп айтқаны»:
Жақсы деген кісінің
Алды-арты бірдей жарық болар.
Жақсы деген ісінің
Бас-аяғы  бірдей анық болар.
4-оқушы:  Жаман кісіні қостама,
Жаман істі бастама.
Жақсы істі тастама
Жақсы кісіні жасқама.
2-жүргiзушi:  Еліміз дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға қадам басқан күндерек беттерінде ел сыйлаған ағалар мен апаларымыз жас өрендерді құттықтау мақсатында  мерекемізге қатысуда.
1-жүргiзушi: Алғашқы қоңырау мерекесiмен құттықтауға ортаға қонақтарымыз:
1. -------------------------------
2  --------------------------- шақырамыз.
2-жүргiзушi:   Заман қанша қиын-қыстау болса да.
Игi iстер болып жатыр қаншама.
Жүзден жүйрiк, мыңнан тұлпар танылған,
Ұстаздарды танытпасақ бола ма?
    (Шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздар тобы  құттықтау сөз айтуға шығады)
“Ұстазым” әнi
1-жүргiзушi: Балаларының жеке тұлға  ретінде қалыптасуына үнемі назар аударып, мектеппен байланыстарын үзбейтін, отбасы тәрбиесінде өзіндік тәжірибелері бар ата-аналар қауымы да ортамызда.
2-жүргiзушi:  Биылғы жылы мектеп бітіруші  сынып ата-аналары атынан жас ата-аналарға аманат жүктеуге кезек беріледі.
Аманатты сыныптың белсенді де құрметті ата-анасы ..............тапсырады.
                ( “ ----  ” әнi)
(11-сынып оқушылары  ортаға шығады)
1-оқушы:   Оятып таңның бұлбұлын,
Құстары келсе көктемнің,
Кеудеме тағып қыр гүлін,
Жайнаттың мені, мектебім!
2-оқушы: Жомарт қолмен жылды аттап,
Жинаса жұрт еккенін,
Алтын күзбен құндақтап,
Нұрлантттың мені, мектебім!
3-оқушы: Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілер жылы жаныма.
Күлкідей әсем сылдырлап,
Бөбекті жиды маңына.
4-оқушы: Өмір деген биіктің
Ең алғашқы өткелін,
Сезіндім тұңғыш өзіңнен
Мың алғыс, саған, алтын ұя мектебім!

1-жүргiзушi:  Көк байрақты қазақ елiнің 2009-2010 оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы тұрған ----- бүлдiршiндерін ортаға шақырамыз.
2-жүргiзушi: 1 “А” сыныбының бүлдiршiндерiн ортаға тәжiрибелi ұстаз, сынып жетекшiсi ----------------------- бастап келедi.
1-жүргiзушi: 2 “Ә” сыныбының бүлдiршiндерiн ортаға тәжiрибелi ұстаз, сынып жетекшiсi ----------------------- бастап келедi.
(Әр сыныптан бiр оқушы ортаға шығып, өнерлерiн ортаға салады.)
1-бүлдіршін: Сәт сапар, Жаңа оқу жыл,
Шуағын шашып тұр әлем.
Қуаныш бүгiн мереке
Жаңа дос, саған мың сәлем!
2-бүлдіршін: :  Сап-сары ала келдi күз,
Ашылды алдан сырлы есiк.
Мектеп, мектеп, ендi бiз
Бiлiм аламыз, тынбаймыз.
3-бүлдіршін: Ақылы бар баламыз,
Айтқан тілді аламыз!
Намысты боп өссек біз,
Нағыз адам боламыз!
(1-сынып оқушылары топтарына қосылады)
1- жүргiзушi: Қиындықтар мойытпасын сендердi,
Батылдықпен асыңдар сан белдердi,
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған, бүлдiршiндер,
Бiлiміңмен қуантыңдар бiздi ендi.
2- жүргiзушi:  Мектебiмiздiң 11-сынып оқушыларының  1-сынып бүлдiршiндерiне “Әлiппе” оқулығын тапсыру рәсiмiне кезек бiр сәт берелiк.
1- жүргiзушi: Ұрпақтар сабақтастығы мен  қоңырау үнi сыңғырының жалғасының белгiсiндей ардагер ұстаз --------- ға қоңырау соғу құрметiн тапсырамыз.
Ардагер-ұстаз:  Қоңырау, сыңғырла асыға,
Үн қосқан қиядан асуға,
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле сен, биік шың басына.
(Ардагер ұстаз қоңырауды соғып, 11-сыныптың оқушысына тапсырады, ол 1-сыныптан бір оқушыны көтерін алаңды айналып шығады)
2-жүргiзушi: Қағылды алғашқы қоңырау, күмбірледі.
Аралап айлық жерді, күндік жерді.
Ілесіп жез қоңырау үнімен
Қазақтың даласына жаңа леп-
Білім  ұрпақтар тобы  келді.
Әскери жетекші: “Назар аударыңыз!”, “Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк  туы шығарылсын!”
(-Бұйрық берiлгеннен соң сапты қадаммен аяқ басқан ту ұстаушы топ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын шығару рәсiмiн орындалады.)
1-жүргiзушi: “Сыңғырла, алғашқы қоңырау” мерекесi  білім ордасында өткізілетін «Қазақстан елінің болашағы –менің болашағым» атты сабақтармен жалғасады.
2-жүргiзушi:  2009-2010 оқу жылы сәтті болсын!

 

                                                                                              қосымша

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын енгiзу және шығару рәсiмiнiң орнына тутұғырда байлаған  туды көтеру рәсiмiн орындауға болады. Ту көтеру құқығы  бiлiм беру ұйымының үздiк және белсендi оқушыларына берiледi.
“Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы көтерiлсiн!” бұйрығынан кейiн түтұғырға байланған ту көтерiледi.
Ту көтерiлгеннен кейiн “Оқу жылын ашуға арналған салтанатты iс-шаралар ашық деп жариялансын!” бұйрығынан соң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әнұраны орындалады.
Iс-шара соңында “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы түсiрiлсiн!” бұйрығынан кейiн ту ұстаушы топ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын түсiредi және “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы түсірілсін!” бұйрығы бойынша түсіріледі.

 

 

Дайындаған:                                М.А. Орманова
«Тұлғаны әлеуметтендіру» кабинетінің меңгерушісі

 

Мұғалімдер күні

1-бөлім
1-жүргізіші:    Күмбірлейді туған жердің бел, өрі,
                        Күмбірлейді қайың, шырша, терегі
                        Балбұлақ та қоңырау болып кеткендей,
                        Бүгінгі күн-
                        Ұстаз күні себебі.
                        Күмбірле, қоңырау, күмбірле,
                        Шаттанып күлейік біз бірге.
  2- жүргізіші:  Желпіндіріп, желіктірген күш қандай?
                         Балғында шат, шаттық нұрын құшқандай.
                         Бүгінгі күн – Ұстаз күні содан ба
                         Алтын күн де күлімдейді ұстаздай.
                         Күмбірле, қоңырау, күмбірле,
                         Шаттанып күлейік біз бірге.
1- жүргізіші: Армысыздар, ардақты ұстаздар!
2- жүргізіші: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
         Күз мезгілінің алтын шуағымен бүкіл елімізде салтанатты түрде Ұстаз күні аталып өтіледі. Бұл мереке біздер, шәкірттер, үшін ерекше күн. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, он бір жыл бойы бізді білімнің кәусар бұлағынан сусындататын асыл жандар – аяулы ұстаздарымыз.
1- жүргізіші: Қадірлі ұстаздар! Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілей отырып, мерекелік іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2- жүргізіші:  Ғұлама, білгіш ғалымнан,
                       Оқушы жас жалыннан,
                       Оқыған жас-кәріден,
                       Оқушының бәрінен
                       Ұстаздарға мың сәлем.
(Приветствие кетеді)
1- жүргізіші: Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті батыр да, бай да, патша да атқара алмас. Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы патшалық құру – рахат, ал ұстаздық ету – бейнет.
2- жүргізіші: Сол бейнеттің зейнетін көріп отырған аяулы ардагер ұстаздарымыз бүгін ортада отыр. Таныс болайық (таныстыру керек)

 

1 - жүргізіші: Өнерпаздар жарысып сан-саналы
                        Жиын десе, той десе жан салады.
                       Ұстаздардың мерекесі құрметіне
                       Әуелеген әсем ән де жолданады.
Ән:
2- жүргізіші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып тыңдап, пән атаулыны зер салып оқып, үйреніп жүреміз. Әрбір пән мұғаліміне жан-жақты білім бергені үшін алғысымызда шек жоқ. Ал сіздерге қояр сауалдарымыз ба, ардагер ұстаздарға.

  1. Мұғалім жүрегі соғып тұруы үшін не қажет?

1- жүргізіші:   Шәкірттерін азамат қып саналы,
                         Ұстаз ана, дана бола алады.
                        Ең бастысы ұстаз мына өмірде
                        Ұлағат боп, ұлылық боп қалады.
Ендеше, құрметті мұғалімдер, 2-сауалымыз ұстаз сөзінің формуласы қандай?
2- жүргізіші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар бүгінгі мереке қарсаңында ардагер ұстаздарымыз өз құттықтауларын жолдаған екен соларға назар аударайық.
1- жүргізіші:  Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
                       Жандырған ой-қиялдың, қалың күйін,
                       Шерттіріп құнарлырақ домбараға,
                       Тербеліп ырғағына тамылжиық.
 Сәрсенбеков Жаснұрдың орындауында «                                    »  күйі
2- жүргізіші:  Ұстаздық жол жеңіл емес кімге де,
                        Кім көрінген ілікпейді жүлдеге
                        Мүсіндеуге келешектің келбетін
                        Күн-күн сайын шығады ол мінбеге.
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Мереке қарсаңында оқушылар арасында сауалнама жүргізгенбіз. Сол сауалнама қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер.
1- жүргізіші: «Ақ Орда» би студиясы бишісі Жәрдемхан Назеркенің  орындауында қазақ биі
2- жүргізіші:   Шәкіртіне «Өмір сырын ұға біл!»
                         Деген ұстаз – ұстасы ғой мұраның.
                        Құрметтеген бар адамзат баласы
                        Қастерлі есім, екінші ана – мұғалім.
                        Жүрек жарып шын көңілмен жырлаған
                        Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Барша ұстаздар қауымын бүкіл мектеп-гимназия оқушылары атынан құттықтау үшін сөз кезегі «Жас ұрпақ» өзін-өзі басқару ұйымының президенті Бердібеков Ерланға беріледі. (Сөз сөйлеп жабады)
                                                                       (Приветствие)
2-бөлім
Ерланға алғысымызды айта отырып, салтанатты кешімізді ары қарай жалғастырайық.
1- жүргізіші:
«Ұстаз» деген ардақты сөз, ұлы есім ғой, бұл есім
Ұлы есімнің қасиетін есіңе алып жүресің
Сол ұстаздың көмегімен ойлы қырмен шапқылап,
Білім деген тұлпарға да сол арқылы мінерсің.
Шәкірті жоқ ұстаз деген – жапырақсыз теректер
Ұстазымның шәкірті үшін маңдайымнан ағар тер.
Біріншіден, ата-анам жетелесе өмірге
Екіншіден,  ұстазым-ау, өзің болдың себепкер.
2 - жүргізіші:
Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз.
Ән: «Ұстазға тағзым».
 Орындайтындар: музыка пәні мұғалімі Рүстемов Тобажан,
мектеп тәлімгері: Шәлекеева Нұргүл
1- жүргізіші: Ұстаз –әрі актер, әрі философ, әрі әнші, әрі күйші, әрі шәкірттің ата-анасы, қамқоршысы, қадірлі жақыны. Қысқасы сегіз қырлы, бір сырлы жандар.
Орыс тілі пәні мұғалімі Сергей Геннадиевичтің орындауында
Александр Шевчуктің әні «Что такое школа?»

 

2- жүргізіші: Гүлнар Санаубаева «Как здорово что все мы сегодня собрались»
   Ұстаздық – от, күн барда ол сөнбейді,
   Шәкіртінен жаңбыр боп та селдейді.
  Шәкіртінің шәкіртімен  жалғасып
  Ұстаз мәңгі өмір сүрер өлмейді,-
Оралбаев Қалдыбектің орындауында   орындауында      .Байкенжеевтің әні «Ұстаздарым».
Мерекелеріңіз құтты болсын. Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
                                                                                         

 


 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz