“Өзiн-өзi тану” пәнiнiң Қазақстан Республикасы
жалпы орта бiлiм беру мемлекеттiк жалпыға мiндеттi
СТАНДАРТ
Жоспар 5-7 (түсіріп алу) ----- Жоспар 8-11 (түсіріп алу)
Осы стандарт – өзiн-өзi тану процесiн ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгiлеп, мектепке дейiнгi және 12 жылдық орта бiлiм беру шарттарына сәйкес жеке тұлғаның рухани-адамгершiлiк дамуының негiзгi бағыттарын анықтайды.
Белгiленген талаптар:
Қазақстан Республикасының мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беретiн орындарында өзiн-өзi тану бойынша оқу процесiн ұйымдастыру кезiнде;
- өзiн-өзi тану бойынша оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi әзiрлеу кезенде;
- өзiн-өзi тану бойынша бiлiм алушылардың оқу жетiстiктерiн қадағалау кезiнде;
- адамгершiлiк-рухани бiлiмнiң вариативтi құрамбiрлiгi ретiнде қолданбалы курстар мен таңдау бойынша курстарды әзiрлеу кезiнде;
- қосымша бiлiм беруде және мектептен тыс iс-шаралардың түрлi нысандарын ұйымдастыру кезiнде мiндеттi болып табылады.
Өзiн-өзi тану пәнiнiң мақсаттары
“ Өзiн-өзi тану” рухани-адамгершiлiк бiлiм беру мынадай жалпы мақсаттарды алдына қояды:
- әрбiр оқушының өзiнiң жан дүниесiн сезiнуiне және өзiнiң дербестiгiн түсiнуiне ықпал ету;
- жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуана өмiрлiк-маңызы бар мынадай түйiндi құзiреттердi мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету;
- өзiнiң өмiрлiк позициясын анықтау;
- әр түрлi мәселелердi адамгершiлiк нормаларға сәйкес конструктивтi шешу;
- өзiне, адамдарға және қоршаған әлемге iзгiлiктi қарам –қатынас жасау;
- адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және iс-әрекеттерiнде шынайы болу;
- жасампаздық белсендiлiк, азаматтық және отан сүйгiштiк таныту;
- адамгершiлiк тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзi мен iсiне жауыпты болу;
- қоғамға қызмет ету дағдыларын iс жүзiнде дамыту.
Белгіленген жалпы мақсаттар күнделікті практикада:
- жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауына және өзін барынша іске асыруына көмектесетін жасампаздық құндылықтарды үйретуге бағытталған біртұтас білім беру процесін құру;
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына ықпал ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру;
- басқа оқу пәндері мазмұнының құндылықтық мәнін күшейту;
қоғамға қызмет етуге бағытталған оқудан тыс және мектептен тыс тәрбие рөлін арттыру;
- мектеп пен отбасының әлеуметтiк серiктестiгiн, мұғалiмдердiң ата-аналар, қамқоршылар, тәрбиешiлермен тығыз ынтымақтастығын дамыту арқылы жеке тұлғмның рухани-адамгершiлiк қалыптастыру үшiн жағымды алғышарттар жасауды құру жолдарымен жүзеге асыруылуы мүмкiн.
Нақты практикада белгiленген мақсаттар мен рухани-адамгершiлiк бiлiмнiң басым бағыттары оқушылардың өзiн-өзi танудағы белгiлi бiр оқу жетiстiктерiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Өзiн-өзi тану бойынша күтiлетiн нәтижелердi анықтауға негiз:
- мынадай:
- өзiн тануға;
- өзгелердi тануға;
- әлемдi тануға;
- адамзаттың рухани тәжiрибесiн тануға мүмкiндiк беретiн жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесi;
- мынадай:
- өз-өзiне;
- өзге адамдарға;
- қоршаған әлемге;
- адамзаттың рухани тәжiрибесiне қатысты негiз бола алатын тұлғаның жеке қасиетi болып табылады.
Күтлетiн нәтижелер – бұл мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiндегi ересектер тобы және мектепалды топтары, сондай-ақ жалпы орта бiлiмнiң екi жылдық циклына арналып (2-4-6-8-10-12 сыныптардан кейiн) белгiленген мақсаттар жүйесi. Күтiлетiн нәтижелердiң бұл жүйесi оқушылардың оқу жетiстiктерiнiң сегiз деiгейi бойынша жиынтықтықты құрайды.
Күтлетiн нәтижелердiң көп деңгейлiк жүйесi бiр жағынан, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi оқу және тәрбие мақсаттары түрiнде көрiнсе, екiншi жағынан, оқушылардың рухани-адамгершiлiк даму көрсеткiштерi және олардың өзiн-өзi танудың жалпы мақсаттарына қол жеткiзуiнiң көрсеткiшi болып табылады және оқушылардың оқу жетiстiктерiн бақылауға мүмкiндiк бередi.
Өзiн-өзi тануға оқыту бiлiм алушылардың мынадай сегiз деңгей бойынша күтiлетiн нәтижелерге қол жеткiзуiн болжайды:
Мектепке дейінгі білім
1-деңгей (ересектер тобы)
2-деңгей (мектепалды тобы)
Жалпы орта білім
3-деңгей (1-2 сыныптар)
4-деңгей (3-4 сыныптар)
5 деңгей (5-6 сыныптар)
6 деңгей (7-8 сыныптар)
7 деңгей (9-10 сыныптар)
8 деңгей (11-12 сыныптар)
Оқу жүктемесi және оның бөлiнуi
Өзiн-өзi танудың жеке мiндеттi пән ретiнде оқытылуы оқу жоспарының инвариантты бөлiмiнде жүзеге аысрылады.
Өзiн-өзi тану пәнiнiң оқу жүктемесiнiң көлемi:
- мектепке дейiнгi бiлiм берудiң ересектер тобында - аптасына 1 сағаттан, бiр жылға барлығы 32 сағатты;
- мектепалды тобында – аптасында 1 сағаттан, оқу жылы бойынша барлығы – 32 сағатты;
- жалпы бiлiм беретiн мектептердiң барлық сыныптарында (1-12 сыныптар) аптасына 1 сағаттан, оқу жылы бойынша барлығы 32 сағатты құрайды.
- Вариативтi оқу жүктемесiнiң бiр оқу сағаты бастауыш мектепте таңдау бойынша сабақтарда, негiзгi мектепте таңдау бойынша курстарда және мектептiң жоғары сатысындағы бейiндiк оқыту жағдайларында, қолданбалы курстарда пайдаланылады. Модульдiк принцип бойынша жобаланған осы курстардың өткiзiлу уақыты (32 сағаттан 64 сағатқа дейiн) мен сипаты әр түрлi болуы мүмкiн.
Сонымен бiрге рухани-адамгершiлiк бiлiм берудiң iске асырылуы барлық мiндеттi оқу пәндерi мен мектептен тыс iс-шаралардың, сондай-ақ эрбiр оқу пәнi бойынша бiлiм стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердiң мазмұнын өзiн-өзi танудың негiзгi идеяларымен байытуды көздейдi.
Өзiн-өзi тану бойынша бiлiм беру процесiн ұйымдастырудың ерекшелектерi
Бала бақшаларда және мектептерде өзiн-өзi тану пәнiнiң мақсаттарын толық iске асыру үшiн жалпыадамзаттық құндылыктар басым болатын ерекше атмосфера құрылады.
Адамгершiлiк құндылықтар әрбiр жасқа лайықты әлемдi қабылдау арқылы меңгертiледi. Өзiн, өзге адамдарды тану, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты түсiну адам өмiрiнiң ең басты мәнi тұрғысынан бала ойлана алатын, өзiнiң пiкiрiн жеткiзе бiлетiн, таланты мен қабилеттерiнiң ашыла түсетiн, формальды емес, сенiмдi жағдайда өтедi.
Өзiн-өзi тану сабақтарында мұғалiммен ашық диалог жүргiзiледi, әлеуметтiк-рөлдiк ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым-қатынас әлемi зерттеледi, өмiрлiк бақылаулары бойынша пiкiр алмасады, қоғамға қызмет етудiң практикалық дағдылары дамытылады.
Өзiн-өзi тану ерекшiлiгiн есепке ала отырып, денсауылық сақтау әлеуетiне ие әр түрлi стандартты емес сабақ түрлерi: ойын-сабақтар, ойлану-сабақтары, пiкiр-сайыс сабақтары, театрландырылған сабақтар, шығармашылық сабақтар, конкурс-сабақтар, фантазия-сабақтар, концерт-сабақтар, экскурсия және т.б. сабақтар пайдаланады.
Өзiн-өзi тануды оқыту процесiнде бiрқатар әдiстемелiк тәсiлдер қолданады:
- “Шаттық шеңберi”, “Тыныштық сәтi”, “Өзiммен -өзiм”, “Оқу”, “Сабақтың дәйексөзi”, “Мұғалiмнiң әңгiмелеуi”, “Оқушының әңгiмелеуi”, “Әңгiмелесу”, “Ойын”, “Жаттығу”, “Шағармашылық жұмыс”, “Жағдаяттар кезiнде ойлану”, “Бейнематериалдар көру”, “Ән шырқайық, достар!”, “Сергiту сәтi”, “Сахналау”, “Қорытындылау”, “Жүректен жүрекке” шеңберi, “Үй тапсырмасы”.
Өзiн-өзi тану бойынша оқу процесiн ұйымдастырудың маңызды шарты балалардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшiлiктерiне сәйкес эмоциялық жайлылықты қамтамасыз ететiн денсаулық сақтау ортасын құру болып табылады. Сабақта әрекет түрлерiнiң алмастырылуы оқуға жағымды мотивтердi қамтамасыз етедi.
Өзiн-өзi тану сабақтары арнайы үнтаспалар бейнетаспалар, көрнекiлiктер және дидактикалық материалдармен жабдықталған кабинеттерде 10-15 адамнан тұратын шағын топтарда өткiзiледi.
Бiлiмнiң әрбiр деңгейi үшiн типтiк бағдарлама, оқулық, оқу-әдiстемелiк құрал, хрестоматия, өзiн-өзi тану бойынша дәптер, көрнекi –иллюстрациялық, дидактикалық және үнтаспа, бейнетаспа материалдарынан құралатын оқу-әдiстемелiк кешен пайдаланылады.
Өзiн-өзi тану процесiнде мұғалiмнiң рөлi айрықша, өйткенi ол қазiргi оқыту мен тәрбиелеу әдiстерiн, психологиялық бiлiмдерiн, балалардың жас ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық процестi дербес құра алу бiлiгiн жетiк меңгерген болуы тиiс. Өзiн-өзi тану мұғалiмi сабақта жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетiн, оның қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiн ашуға көмектесетiн оқытудың әртүрлi, дәстүрлi емес түрлерiн, интерактивтi нысандары мен әдiстерiн қолданады.
Өзiн-өзi тану мұғалiмiнiң құндылыққа бағдарланған бағыттылық әрекетi оқушылардың бiлiм алуына, даналықты, адамзаттың мәдени жетiстiктерiн ұғынуына, өзара түсiнiстiктi және қоғамның барлық мүшелерiмен жағымды қарым-қатынас жасауды үйренуiне мүмкiндiк бередi.
Мұғалiм әрбiр оқушының ерекшелiгiн ескере отырып, балалардың қоршаған ортада өзiнiң жеке тұлғалық “Менiн” жете түсiну процесiне көмектеседi. Ол дайын бiлiмдердi жеткiзушi емес, балаларды өмiрлiк маңызды iскерлiктер мен дағдыларды игеруге жетелейтiн өзiн-өзi тану процесiнiң жетекшiсi. Ол балалармен бiрге пiкiр таластырады және ойланады, жаңалықтар ашады, таңданады және күмәнданады, бiрлескен шығармашылықта қызығушылықпен өмiрдiң ақиқатына көз жеткiзедi, сыныпта жағымды жағдай туғызады. Осының барлығы оқушылардың компетенцияларын дамытуға, күтiлетiн нәтижелерге қол жеткiзу үшiн жағдай тудыруға ықпал етедi.
Оқушылардың оқу жетiстiктерiн бағалау бойынша ұсыныстар
Бағалау бiлiм беру процесiнiң маңызды бөлiгi болып табылады. Оқу жетiстiктерiнiң сегiз деңгейде көрсетiлген күтiлетiн нәтижелер жүйесi оқушылардың танымдық iс-әрекеттерәнәң дамуын қадағалау, олардың жалпыадами құндылықтарды ұғынуы мен қоғамға қызмет ету дағдыларын игеруi үшiн негiз болады.
Рухани-адамгершiлiк бiлiм ерекшiлiктерiне сәйкес оқушылардың оқу жетiстiктерiн сандық емес, сапалық бағалау маңызды болып табылады. Осыған байланысты өзiн-өзi бағалау ,құрбыларының бағалауы, оқушының нақты iс-әрекеттерi туралы қысқаша және шағын жазбалар, оқытудың әрбiр деңгейiнен кейiнгi аралық нәтижелердi өлшеуге арналған тапсырмалар жүйесi сияқты бағалаудың әр түрлi әдiстерi қолданылуы мүмкiн.
Оқушылардың ағымдық оқу процесiндегi жетiстiктерi туралы ақпараттар және деңгейден кейiнгi қорытынды нәтижелер:
- оқушылардың жеке, топтық және ұжымдық iс-әрекеттерiн ұйымдастыру процесiнде;
- оқытудың интерактивтi әдiстерiн немесе сараланған тапсырмаларды қолдану кезiнде портфолиоға жиналады.
Оқыту нәтижелерiн оқушылар жетiстiктерi туралы жинақталған ақпараттар негiзiнде қорытындылау мен бағалау жеке мұғалiм арқылы да, оқушының қатысуымен ұжымдық шешiм негiзiнде де жүзеге асырылады. Оқушылардың оқу жетiстiктерiн:
- оқушылырдың жеке және рухани дамуына қолдау көрсету үшiн;
- оқудың барлық кезеңiнде әрбiр оқушының өз жетiстiктерiнiң даму динамикасын
ұғынуы үшiн осы бағытта бағалаудың мәнi зор.
Портфолио құру және оқу жетiстiктерi туралы жинақталған ақпараттарды қорытындылау өзiн-өзi тану бойынша бiлiм стандартын және оқу-әдiстемелiк кешенiн жетiлдiру мен дамытуға, сондай-ақ бiлiм беру мекемелерiнiң iс-әрекеттерiнiң тиiмдiлiгiн жоғарылату үшiн өз уақытында шешiмдер қабылдауға мүмкiндiктер туғызады.
Өзiн-өзi тану бойынша оқушылардың қорытынды нәтижелерi мектептiң негiзгi сатысын бiтiргенi туралы, сондай-ақ жалпы орта бiлiм құжаттарында “сынақ” түрiнде көрiнiс табуы тиiс.
Жоспар 5-7 (түсіріп алу) ----- Жоспар 8-11 (түсіріп алу)