s

 №45 "Ақ Орда" мектеп-гимназия сайтына қош келіпсіз!

 

Әкімшілік

№45 "Ақ Орда" мектеп-гимназиясының директоры Архабаева Айнұр Перденқызы. Ағылшын тілі пәні бойынша өткізілетін «Кенгуру-Лингвист» зияткерлік сайысында, халықаралық «British Bulldog » интеллектуалдық ойынында және пәндік олимпиадаларда оқушылары жыл сайын жүлделі орындарға ие болып жүр. Нәтижелі еңбектің арқасында мектеп оқушылары түрлі дәрежедегі  олимпиадаларда және  ғылыми жобалар сайыстарына қатысып, мектеп абыройын көтеріп жүр. Шығармашылық еңбегі үшін облыс әкімінің, облыстық, аудандық  білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің мақтау қағаздарымен, 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік білім қызметкері» номинациясының иегері атанып, аудан әкімінің дипломымен марапатталды.

Мектеп-гимназия директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары Әлімбетов Қанат бейнелеу пәнінің мұғалімі. Аудандық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен, Республикалық  Кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Мектеп-гимназия директорының оқу - ісі жөніндегі орынбасары Сәрсенбаева Раушан орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. ҚР білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен, 2009-2010 оқу жылында аудандық «Оқытуда қолданбалы, таңдау курстарының ролі» атты семинарда шығармашылық танытқаны үшін Мақтау грамотасымен, аудандық «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы нәтижеге бағытталған білім беру» тақырыбындағы қысқы секция жұмысында шығармашылық ізденіс пен жаңашылық танытқаны үшін Мадақтама грамотасымен, Аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталған

Мектеп-гимназия директорының тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары Әмзеев Қанат тарих пәнінің мұғалімі. 2003 жылы аудандық білім беру бөлімі мен кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты, 2004 жылы аудандық психологтар сайысына қатысып ІІІ орынмен марапатталды. Аудан көлемінде әдістемелік жинағы таратылды. 2007 жылы білім беру саласындағы шығармашылық істермен қатар,қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаным үшін облыстық білім беру департаменті мен облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2010 жылы мектептегі тәрбие істеріндегі жаңалықтар туралы баяндама үшін Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының Алғыс хатына ие болды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің Алғыс хаты 2011 жыл. Нұр Отан ХДП-ның Алғыс хаты 2011 жыл. Шиелі ауданыдық білім бөлімінің Құрмет Грамотасы 2012 жыл.  

Мектеп-гимназия директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Баймаханова Эльмира бастауыш сынып мұғалімі. 2005 жылы «Идеялар аукционы» тақырыбында өтілген Аудандық секция жұмысына ұсынылған авторлық жұмысы жоғары бағаланып, Аудандық мадақтау қағазымен марапатталды. 2008 жылы «Педагогикалық озат тәжірибе – ізденімпаз білім қызметкерлері шығармашылығын дамыту» тақырыбында өтілген қысқы секцияда «Оқыту әдістерін жетілдіру арқылы шығармашыл тұлға тәрбиелеу» тақырыбында жазылған жұмысы жоғары бағаланып, аудан көлемінде таратылуға ұсынылды. 2010 жылы ХДП-ның Алғыс хатымен марапатталды. Аудандық құрмет мадақтамасы 2011 жылы. Аудандық мадақтама  2011 жыл. Аудандық құрмет грамотасы 2012 жыл. Мектепішілік грамота 2012 жыл.
Мектеп-гимназия директорының тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары Сейдахметов Жандос бейнелеу пәнінің мұғалімі. Мектеп-гимназиядағы қызметіндегі  және аудан көлеміндегі қоғамдық іс-әрекетіндегі еңбегі үшін 2004, 2007 ж.ж. аудан әкімі Е.Т.Мұстафаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 2004, 2006, 2007 ж.ж. Қызылорда облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және ақпараттық технологиялар институтында өз саласы бойынша білім көтеру сатысынан өтіп, сертификат пен куәлікке ие болды.
2007 жылдың тамыз айында өткен Парламент сайлауында “Нұр Отан” ХДП-ы Шиелі аудандық сайлауалды қоғамдық штабының мүшесі ретінде ауданның саяси өміріне белсене араласқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті, “Нұр Отан” Халықтық-демократиялық партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғысымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 16 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің тапсырысы бойынша, облыстық ішкі саясат басқармасының және облыстық «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Ауылым – алтын бесігім» әлеуметтік жобалар конкурсының жеңімпазы атанып, «Ең үздік ауыл маманы - 2007» лентасымен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 16 жыл» арнайы мерекелік белгісімен марапатталды. 2008 жылдың қазан айында өткен аудандық филиалдың кезекті V конференциясында «Нұр Отан» ХДП Шиелі аудандық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі болып сайланды. 2008 жылдың қорытындысымен «Егемен елдің тұғыры жастардың қолында» атты аудандық жастар форумының «Ең үздік жас мұғалім» номинациясының жеңімпазы атанып, аудан әкімі Н.М.Нәлібаевтың Дипломымен марапатталды.


 

 

 


 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz