s

 №45 "Ақ Орда" мектеп-гимназия сайтына қош келіпсіз!

  

«Өзін-өзі тану» мақсаты

Жоспар 5-7 (түсіріп алу) ----- Жоспар 8-11 (түсіріп алу)

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мынадай жалпы мақсаттарды алдына қояды:

- әрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету;
- жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік-маңызы бар мынадай түйінді құзіреттерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету:
- өзінің өмірлік позициясын анықтау;
- әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешу;
- өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
- адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;
- өзімен өзі үндестікте өмір суру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
- жасампаздық белсенділік, азаматтық және отан сүйгіштік таныту;
- адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;
- қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Белгіленген жалпы мақсаттар күнделікті практикада:
- жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауына және өзін барынша іске асыруына көмектесетін жасампаздық құндылықтарды үйретуге бағытталған біртұтас білім беру процесін құру;
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына ықпал ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру;
- басқа оқу пәндері мазмұнының құндылықтық мәнін күшейту;
- қоғамға қызмет етуге бағытталған оқудан тыс және мектептен тыс тәрбие рөлін арттыру;

6.1 Мектепке дейінгі білім

6.1.1   1-деңгей (ересектер тобы)
Бес жастағы бала:
- мейірімділік, махаббат, сыпайылық, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерді білуі;
- жақсы мен жаманның не екенін түсініп, жақсы мен жаман әрекеттерді ажырата алуы;
- эмоциялық көңіл күйін білдіріп, үлкенді сыйлауы, мейірімділік таныта алуы;
- достарына, туыстары мен жақындарына шамасына қарай көмек көрсетуі және қамқор бола алуы;
- салауатты өмір салты туралы қарапайым білімдерді игеруі және алғашқы дағдыларды білуі;
- қарама-қарсы жыныстағы адамдарға құрмет көрсете алуы;
- қоршаған табиғатқа ұқыпты қатынас жасау қажеттігін білуі және түсінуі;
- сурет салу, мүсіндеу, құрастыру арқылы өз көңіл күйін жеткізе алуы;
- сөз бен мінездегі жаман-жақсыны ажырата алуы, үйдегі, балалар бақшасындағы, қоғамдық орындардағы жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді сақтай білуі    к е р е к.

6.1.2  2-деңгей  (мектепалды тобы)
Алты жастағы бала:
- отан, өмір, денсаулық, махаббат, адам, отбасы, достық, табиғат сияқты адамгершілік құндылықтар туралы бастапқы түсініктерді білуі;
-мейірімділік, сыйластық, қамқорлық, адалдық, мақтаныш, патриоттық адамгершілік құндылықтары, сондай-ақ жағымсыз қасиеттер туралы түсініктерді білуі;
- қоршаған табиғат сұлулығын қуанышты қабылдай алуы, оған қамқор бола білуі;
- өзін тануға қызығушылық көрсете білуі;
- адамдарды сыйлап, тілектестік, жанашырлық таныта алуы;
- мінез-құлық нормаларының қарапайым түрлерін ұстана білуі, өзіне-өзі қызмет етудің бастапқы дағдыларын игере алуы;
- салауатты өмір салты ережелерін түсінуі және қолдана білуі;
- балалар ұжымында қарым-қатынас жасай алуы, өзара әрекеттесе білуі;
-ойын кезінде өз қызығушылықтарын өзгелердің қызығушылықтарымен үйлестіре алуы;
- отбасында және құрбыластарының арасында өзара көмекке, ынтымақтастыққа даярлығын таныта алуы;
- бейнелі түрде ойлай, қиялдай білуі, шығармашылық іс-әрекеттер кезінде (музыка, ойын, би, қойылымдық көріністер) өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрсете алуы   к е р е к.

6.2 Жалпы орта білім

6.2.1  3-деңгей  (1-2 сыныптар)
2-сыныпты бітірген оқушылар:
- бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар мен білім, ой, сөз, іс, татулық, шындық сияқты жаңа ұғымдар, оған қарама-қарсы құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді білуі;
- адамның өзіне және өзгелерге деген махаббат, мейірімділік, сенім, шыншылдық, адалдық, әділдік, батылдық, құрмет сияқты жағымды қасиеттері, сондай-ақ жағымсыз қасиеттер мен эмоциялардың көрінісі туралы түсініктерді білуі;
- адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері туралы түсініктері болуы, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен қарым-қатынас жасай алуы;
- денсаулық сақтаудың маңыздылығын түсінуі, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін білуі және қолдана алуы;
- өз ойын, сезімін, алған әсерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алуы;
- Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылықтары туралы түсініктерді білуі;
- шынайы достық және қарым-қатынас қуанышының мәнін түсінуі, құрбыластары мен үлкендер арасындағы достық пен сыйластықты бағалай білуі;
- қарама-қарсы жыныс өкілдерімен достық қарым-қатынас жасай алуы;
- өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне алуы, мектепте, үйде, қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін қолдана алуы;
- оқушы  құқығы  мен   міндеттерін  білуі  және  оларды  қолдана  алуы к е р е к.

6.2.2   4-деңгей (3-4  сыныптар)
4-сыныпты бітірген оқушылар:
- бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді және еңбек ету, қызмет ету, ақиқат, үйлесімділік, сұлулық, руханилық, адамгершілік, адамшылық сияқты жаңа ұғымдарды білуі;
- адами сезімдер мен эмоцияларды, өзінің эмоциялық күйін ажырата білуі, өзінің сезімдері мен талпыныстарын көрсете алуы, жағымсыз эмоциялары мен әрекеттерін тежей алуы;
- этика ережелерін білуі және іс жүзінде қолдана алуы, мораль, этика мәселелерін талқылау барысында өзінің пікірін білдіріп, өз сөзіне және ісіне жауапкершілік таныта алуы;
- адамның жағымды және жағымсыз сезімдері мен әрекеттерін ажыратып, олардың себеп-салдарын талдай алуы;
- денені дамыту қажеттігін түсініп, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алуы;
- өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алуы;
- топта, сыныпта, үйде өзіне және өзге адамдарға көңіл бөліп сыйлауы, сондай-ақ бейтаныс адамдармен өзара жағымды, достық қарым-қатынас жасай алуы;
- өз туыстары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне ықылас танытып, құрмет көрсете алуы;
- табиғаттың маңыздылығын өмір сүрудің негізі ретінде түсінуі;
- қоршаған ортаға қамқорлық танытып, табиғат көздерінің тазалығын сақтай білуі;
- оқу кітаптарын саналы түрде таңдай білуі, өз мінез-құлқын әдеби кейіпкерлердің әрекеттері арқылы бағалай алуы;
- өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінуі, ел, қала, ауыл, мектеп өміріне өзінің қатысты екенін білуі, қоғамға қызмет етудің мәнін түсінуі  к е р е к.

5-деңгей (5-6 сыныптар)
6-сыныпты бітірген оқушылар:
-бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді білуі және еркіндік, тәуелсіздік, шыдамдылық, ақыл, ерік, махаббат, өнер сияқты жаңа ұғымдарды білуі;

  1. адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері, эмоциялары мен сезімдері туралы кеңейтілген түсініктерге ие болуы;
  2.  әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейірімділік таныта алуы, өзінің адамдарға жанашырлығын нақты көмек арқылы көрсете алуы;

- үйде, өз айналасындағылармен рухани нормалар, адамгершілік қағидаттар негізінде бірлескен достық қарым-қатынасты қолдауы, ұрыс-керіс, дау-жанжалдың жағымсыз екенін сезінуі, оларды жеңе алуы, ынтымақтастық пен келісім негізінде өзара әрекет ете алуы;
- дене және психикалық саулық үйлесімділігінің маңызын, салаутты өмір салтынның мәнін түсінуі, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға тырысуы;
6- деңгей (7-8 сыныптар)
8-сыныпты бітірген оқушылар:
-бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді және даналық, адалдық, келісім, шындық, бақыт, өмір, махаббат сияқты жаңа ұғымдарды білуі;
- адам мінезінің жағымды және жағымсыз сипаттарын, әрекеттері мен ниеттерін ажырата алуы;
- өзінің эмоциялық және психикалық жай-күйін басқара алуы, жағымсыз эмоция мен әрекеттерді тежей алуы;

  1. отбасылық дәстүрлерді білуі және құрметтей алуы, өзінің отбасындағы рөлін түсініп, туыстары және жақындарымен отбасында достық қарым-қатынасты сақтай білуі, жауапкершілікті сезініп, қамқор бола алуы;
  2. қоршаған орта мен адам сұлулығын бағалай алуы, өзінің оларға қатынасын шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;
  3.  рухани-адамгершілік нормаларға сәйкес жеке мақсаттары мен оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін анықтай алуы;

- жағымсыз стереотиптер мен қатерлі әуестікті бағалай алуы, жағымсыз әдеттердің алдын алу тұрғысынан өз іс-әрекеттері мен өзінің дамуын бағалай алуы;
- өзінің әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сезіне білуі, өз бетінше шешім қабылдай алуы керек.
7 - деңгей (9-10 сыныптар)
10 – сыныпты бітірген оқушылар:
-жалпыадамзаттық, этномәдени, ұлттық құндылықтардың өзара байланысын және арақатынасын түсінуі;
- жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгеру және оны күнделікті өмірде қолдана алуы;
- өз көзқарасы мен қылықтарын, сондай-ақ өзге адамдардың көзқарастары мен қылықтарын талдай білуі және сыни тұрғыдан бағалай алуы, өз ойы, сөзі және ісіне жауапкершілікпен қарай алуы;
- жәбір көрсетудің және қаталдық көріністерінің жағымсыз салдарын білуі;
- өмірлік жағдаяттардағы тамаша, көтеріңкі, мұңды, күлкілі жайларды айырып, анықтай алуы, оларды сипаттай білуі және өз қатынасын білдіре алуы;
- отбасындағы жағымды қарым-қатынас, ата-аналары, тәрбиешілері немесе қамқоршыларына адамгершілік борыш құндылықтарын сезіну, оларға сүйіспеншілік, сыйластық шыдамдылық таныта алуы;

  1. өмір мен денсаулықты құндылық ретінде сезінуі, өзінің келешек дене және рухани даму жолдарын анықтай алуы, салауатты өмір салты мен сауықтыру әдістемесінің пайдасы туралы білімдерін іс жүзінде пайдалана алуы, шылым шегуден, маскүнемдіктен, нашақорлықтан аулақ болуы;
  2. тілектері мен мүмкіндіктерін объективті түрде жалғастыра алуы;
  3.  өз көзқарасы мен пайымдауын еркін, дәйекті түрде жеткізуі және оны негіздей алуы, өз пікірінен өзгеше айтылған пікірлерге шыдамдылық таныта алуы;

- мінездегі кейбір ауытқушылық көріністерін тани және бағалай алуы, жағымсыз ниеттерді тежей алуы, шиеленістерден аулақ болуы, оларға тойтарыс бере алуы және басқаларға зиян келтірмейтін шешім таба алуы;
- белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін бірін – бірі қолдаудың мәнін түсінуі, шамасына қарай жақындары мен достарына көмек, қолдау көрсете алуы;
- басқа ұлттар мен конфессия өкілдеріне, олардың қоғамдағы орны мен ерекшеліктерін ескере отырып, құрмет пен шыдамдылық таныта алуы керек.
8 – деңгей (11-12 сыныптар)
12-сыныпты бітірген оқушылар:
-өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсінуі, өзара адами қарым-қатынастарды тани алуы және оны бағалай білуі;
- айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас орната алуы, ұжымда еңбектене білуі, топ пен ұжымда өз мәртебесін теңестіре алуы;
- өз отбасын құрудың маңызын саналы түсініп, есею өміріндегі жарқын болашағын сезінуі;
- өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын басқара алуы, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алуы, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана білуі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алуы;
- қоршаған әлеммен үйлесімді қатынастың маңыздылығы туралы білуі;
- өзінің ұстанымдары мен сенімдерінде тұра алуы;
- салауатты өмір сүре алады; сыныпта, мектепте, үйде денсаулық сақтау ортасы жағдайларын қолдау және жасау үшін білімдері мен біліктерін қолдана алуы;
- өзін-өзі жетілдіру үшін ақпараттық және коммуникативтік технологияларды шығармашылықпен және өнімді пайдалана алуы;
- күрделі жағдаяттарда жауапты шешім қабылдай алуы;
- нақты жағдаятты бағалай алуы, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алуы, қалыптры жағдайларда қалыптан тыс шешім таба білуі.

  1. өзінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру қажеттілігін сезінуі, өз уақытын жоспарлай алуы;
  2. өз әрекеттерін айналасындағы адамдардың іс-әрекеттерімен теңдестіре алуы және бағалай білуі, әйгілі адамдар өміріндегі жақсы болуға көмектесетін құндылықтарды ажырата алуы керек. 

Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің түйінді компетенциялары:

  •  өзінің өмірлік позициясын анықтау;
  •  әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешу;
  •  өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
  •  адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;
  •  өзімен өзі үндестікте өмір суру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
  •  жасампаздық белсенділік, азаматтық және отан сүйгіштік таныту;
  •  адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;
  •  қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

Жоспар 5-7 (түсіріп алу) ----- Жоспар 8-11 (түсіріп алу)

 

 


 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz