s

 №45 "Ақ Орда" мектеп-гимназия сайтына қош келіпсіз!

  

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназия мұражайы туралы мәлімет

Мұражай- осы кезеңдегі өмір сүрген
кісілердің өмірін, тірлік-тынысын,
салт-дәстүрін кейінгі ұрпаққа
жалғастырып тұратын сиқырлы
тылсым дүниенің жиынтығы.

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының мұражай 1982 жылдың қазан айында ашылды.
Мұражайдың негізгі бағыты-мектеп тарихы, ұстаздары мен түлектерінің өнегелі істерін насихаттау, зерттеу, жинақтау.
2004 жылы мектебіміздің 80 жылдығына орай, мұражай бөлмесі қайта жабдықталып, жаңа деректермен толықтырылды. Мұражайға мектеп дирекциясының, ұжымның қабылдаған шешімі бойынша осы мектепте 40 жылдан астам кітапханашылық қызмет атқарған К. Ожанованың есімі берілді.
Мектеп түлектері С. Шаухаманов, О. Сәрсенбаев, А. Жұмаділдаев, Ж. Зейнәбілевтерге арналып «Тұңғыш сенатор», «Қаламы қарышты қаламгер», «Ең жүйрік ғалым», «Өнерліге өріс кең» атты стенділер жасалды.
Мектебімізге 75,80 жыл толуына байланысты әр жылғы түлектермен кездесулерге арналған 3 стенді шығарылды. «Мектеп басшылары», «Өнер қайраткерлері», «Ғалымдарымыз», «Алғашқы қарлығаштар», «Оқу үздіктері», «Алтын белгі иелері» стенділері қайта жаңартылды.
Қазіргі кезеңде жұмыс атқарып жүрген ұстаздарға арналып «Өз ісінің үздіктері», ардагер ұстаздар туралы «Еңбек ардагерлері», «Дәстүр жалғастығы», «Ұстаздар әулеті» стенділері жасалды. Мектебімізде қызмет атқарған, соғысқа аттанып, қайтып оралмағандарға арналып «Есімдері ел есінде», «Қалдырған ізің мәңгілік» атты ескерткіш- тақта шығарылды.

Бұдан өзге:

  1. Мектеп басшыларының ұстап-тұтынған заттары
  2. Тарихи тұлға Ленинге арналған бұрыш
  3. К. Ожановаға арналған тақта
  4. Түрлі тақырыптағы 36 буклет
  5. Ардагер мұғалімдерге, түрлі сала қызметкерлеріне арналған 58 альбом
  6. Естелік-қолжазбаға арналған 2 альбом
  7. Мектеп-гимназияның 4 альбомы
  8. Макет: «Болашақ қазақ мектебі қандай болуы керек?» Авторлары: Б.Сейтенова, М.Мырзағалиева
  9. Мектеп түлектері тарту еткен 62 кітап, 1 домбыра, 2 қабырға сағаты, 1 кілемше, «Ең үздік білім ордасы-2001, 2002, 2003» вымпелі, 1 кубогі, мектеп түлегі Н.Әбутрапованың журналистік жұмыстарының 2 кассетасы, 2 кітабы бар.
  10. Мектепті 1940-41 жылдары басқарған, кейіннен ұстаздық қызмет атқарған Әйтпенбетов Әлтеннің барлық құжаттары сақтаулы.
  11. Ұстаздардың өз қолдарымен жазып қалдырған өмірбаяндары, құттықтаулар, жеделхаттар, мектеп жайлы жазылған баспасөз өнімдері, мектеп басшысының, мұғалімдерінің, оқушылардың түрлі сайыстардан жеңіп алған мақтау қағаздары мен дипломдары, сертификаттары, заттай сыйлықтары жинақталған.
  12. Ұлы  Жеңістің 60 жылдығына орай мектебіміздің арлагер ұстаздары, соғыс ардагерлері Б. Жақсыбаев пен Ә. Аманжоловтың өмір жолдарын бейнелейтін «Аға ұрпаққа мың тағзым» атты буклет жасалды. Баспасөзде жарияланып жатқан, соғысқа қатысқан шиеліліктер жайлы жазылған  деректер жинақталуда.

Экспонат қоры мен саны:

Альбом саны-61

Буклеттер-35

Кітаптар-36

75 жылдық мерейтойға арналған іс-қағаздар-1 папка.

80 жылдыққа арналған іс-қағаздар-2 файлда жинақталған.
Стенділер:

1.Мектеп басшылары

2.Жазушылар мен өнер қайраткерлері

3.Ғалымдар

4.Алғашқы қарлығаштар

5.«Алтын белгі» иелері

6.Оқу озаттары

7.Еңбек ардагерлері, өз ісінің үздіктері.

8.Дәстүр жалғастығы

9.Ұзтаздар әулеті.

10.Есімдері ел есінде.

11.Қалдырған ізің мәңгілік.

12.Тұңғыш сенат.

13.Ең жүйрік ғалым.

14.Өнерліге өріс кең

15.Ізінен шуақ шашылған

Жас ғалымдар қорғаған кандидаттық диссертация жұмыстары,кітапшалар-10 дана.

Мектебіміз жайлы газеттер мен журналдарға шыққан деректер.

Гүлдер-10

Кассеталар.

1. Наурыз шапағаты 2002 жыл
2. Аудандық семинар Қазақ-тілі мен әдебиеті 2002 жыл 31
қаңтар.
3. Тамаша кездесу май.
4. Наурыз 99 ХХ-ғасырдың соңы.
5. Наурыз мерекесі.
6. Профилактика Вич/Спид
7. Мектептің 80- жылдығы О.Сәрсенбаевпен, қарт ұстаздармен 
кездесу кеші.
8. КВН-2005.
9. 2005 ж 24 ақпан, ашық сабақ күй тартысы дегеніміз не?

  1. Зейнеткер-мұғалімдер мен сұхбат 1998ж.
  2. Ұлағатты ұстаздармен кездесу.
  3. М. Құлымбетов 50 жас.
  4. «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы топтама 2001 жыл

     5. Ұрпаққа ұлағат мектептің 80 жылдығы.

 

 

 


 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz