s

 №45 "Ақ Орда" мектеп-гимназия сайтына қош келіпсіз!

  

№45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясының
2008-2012 жылдарға арналған даму бағдарламасы.

 

(Қосымша)

№45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясының 2008 жылғы 17 қазанда №2 Педагогикалық кеңеспен бекітілген.

Бағдарлама негізі:     ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің 2004ж 19.ІІІ. «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауы, ҚР Президентінің 2001ж 4 желтоқсандағы №735 Жарлығымен бекітілген ҚР 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспар, ҚР Жалпы білім беру стандарты, гимназия ережесі, 12 жылдық білім беру бағдарламасы.

Тақырыбы: Жан–жақты дамыған тұлға қалыптастыру бағытындағы әмбебап (универсальный) ұлттық – классикалық гимназия моделіне айналу.
Философиясы: Ұлттық құндылықтар–ұрпаққа мұра, өркениеттің негізі

Даму бағдарламасының мақсаты:

- Нақтылық.

 Білім негізін жаңа технологиялық әдістермен бере отыра, жан – жақты хабардар, білгір, құзырлы тұлға қалыптастыру.
Жалпы білімнен – нақты білімге көшу;

-Классикалық.

Инновациялық технологиялар мен ұлттық мәдени мұралық құндылықтарды қатар алып, тұлғаның жоғары шығармашылық қабілетін дамыту, ізгілендіру.
Дара тұлға – шығармашыл, құзіретті тұлға;

-Жан – жақтылық (универсальный).

Қолданбалы кәсіптік білімнен жан – жақты кең білім беру арқылы бағдарлы білім алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сапалы білімнен – нәтижеге  бағытталған білімге көшу.

Міндеті:

-Инновациялық, интерактивті әдістерді пайдалану арқылы сабақ сапасын арттыру;

 

-Жеке тұлғаны зертханалық, ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу;

-Интернет жүйесімен байланыс;

-Жаңа ақпаратты технологияны меңгеру;

-Мұғалім мен оқушыға қолайлы орта қалыптастыру;

-Шығармашылық зертханаларға талдау, сараптама жұмыстарын жүргізу;

-Патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу;

-Мемлекеттік тілді басым дамыту;

-Әлемдік тәжірибе мен ұлттық дәстүрді сабақтастыру;

-Жоғары білікті және бәсекеге қабілетті құзырлы тұлға тәрбиелеу;

-Білім беру жүйесінің материалдық – техникалық базасын нығайту;

-Педагог қызметкердің әлеуметтік мәртебесін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Мектеп оқушылары мен қызметкерлерге жұмыс жасау үшін қолайлы жағдай қалыптасады;
  • Білім сапасы артады;
  • Интернет желісі арқылы жедел әрі жаңа ақпарат алу мүмкіншілігі туады;
  • Ғылыми жоба, олимпиада байқауларының жеңімпаздары көбейеді;
  • Жас мамандар мектебін нығайту барысында тәжірибелі маман педагогтер тәрбиеленеді;
  • Бастауыш мектебінің жан-жақты білім беретін гимназияға апарар алғашқы білім баспалдағына айналу;
  • Білім беру мазмұны білім үстемділігі деңгейінен нәтижеге бағдарланған «құзіретті» білімге өзгереді;
  • Пед.қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесі артады;
  • Материалдық – техникалық база нығаяды;
  • Оқушылардың тілдік, ақпараттық, экономикалық деңгейі мен эстетикалық дағдысы қалыптасады;
  • Барлық салада толеранттылықты сақталады.

Кіріспе.
№45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясының 2008-2012 жылдарға арналаған бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыҚР Президентінің 2004ж 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауына, ҚР Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикаысының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, ҚР «Білім туралы» Заңына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 10.VI.2000ж. №708 бұйрығымен бекітілген гимназия ережесіне сәйкес әзірленді.
Бағдарламада жылдар бойынша кезеңдерге бөлінген, нақты мақсат қойылған, атқарылатын мерзімді жұмыстар жүйеленген, кадрлар мен оқушыларға арналаған кезеңді іс-әрекеттер, оқу – тәрбие процесіндегі нақты міндеттер, жергілікті бюджет бойынша бөлінген қаржы, мұғалімдердің сапалық құрамы, күтілетін нәтижелер енгізілген.
Бағдарламаны әзірлеу оқу – тәрбие процесіне өзгерістер мен білім беру сапасын арттыру, мектеп – гимназиядан ұлттық классикалық гимназияға айналу қажеттігінен туындады.

Бағдары:

* жан – жақтылық:          Нақты білім алу.

*Жан – жақты білім:       Бірнеше технологиямен, бағдарына сәйкес түрлі инновациялық әдіснамалар мен ғылымилық арқылы жүйелі білім беруге жету.

*Жүйелі жан – жақты білім:

Тілдерді меңгерту         - қазақ тілі;
- орыс тілі;
- шетел тілі;
- араб тілі.
Тіл білімінің негіздері;
Әлем әдебиеті;
Шешендік өнер;
Абайтану.
Жаратылыстану            - математикалық бағыт:
Flash технологиясы      - экономика негіздері;
Компьютерлік графика - математика;
Іс жүргізу тех.              - олимпиада есептері;
- тәжірибе есептері;
- тест есептері;
- логикалық математика;
Эстетика және өнер      - этика және әдеп негіздері;
- әлемдік көркемөнер мәдениеті;
- ұлттық классикалық би;
- халық биі;
- сәндік қолданбалы қолөнер;
- дизаин және модельдеу;
- музыка;
- терме.

ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар:

І. Мұғалім маман болу керек: жеке көзқарасы бар, өз пәнін жетік білетін, жеке көзқарасын қорғай алатын жігерлі тұлға зерттеуші, ойшыл, әр күні мен ісіне есеп бере алатын.
Мұғалім – Нәтиже.

ІІ. Мұғалім – ізденгіш, көп оқитын, көп білетін және сол білімін күнделікті өмірде шебер пайдалана алатын болуы керек.
Педагогикалық ойлау қабілеті – ғылыми түрде дамыған тұлға.

ІІІ. Мұғалімнің жетекші рөлі – оқушыны білім негіздерін өз бетінше оқып – үйренуге бейімдеу.

IV. Мұғалім тек ұйымдастырушылық қабілетімен қалмай, сараптамалық, талдай білу, себеп – салдарды анықтай білу қасиетіне ие болуы керек.

V. Моральдық, адамгершілік бет – бейнесі таза, саяси – идеялық ұстанымы жоғары, ұлттық құндылықтарды терең игеріп, инновациялық әдіс – тәсілдермен ұштастырып отыратын ұстаз.

2010-2011 жылдар

Мақсаты: Басқару технологиясындағы жүйелілік – нақты мақсат бойынша жүретін жүйе, новаторлық қабілеттерді, қарым – қатынастарды кеңейту, байыту.

Бағыты: І кезең

-Педагогикалық жүйе Педагогикалық теорияның моделі, ең керекті өзара байланыстағы элементтердің жиынтығы арқасында ғұмыр бойы оқу ұстанымымен нәтижеге бағытталған білім жүйесіне айналу.

ІІ кезең

-Тәрбиелік жүйе Өзін - өзі басқара алу, оқушының сыныпта және сыныптан тыс қарым – қатынасын біріктіру арқылы құзырлы тұлға қалыптастыру.

ІІІ кезең

-Авторлық жүйе Электронды оқулықтар, авторлық бағдарламалар, дәстүрлі емес идеялар мен концепцияларды дамыта отыра, мектеп – гимназияның дәстүрлі оқыту жүйесін сақтау.

2011-2012 жылдар
 
Мақсаты: Жоғары сапалы білім беру саласында ІІІ сатылы білім беру сапасын ықпалдастыру, кәсібилендіру.

Бағыты:

* І саты Негізгі білім беру сатысы 1-4 сынып. 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша тұлғаның жеке қабілетін ашу және дамытуға бағытталған білім. Оқу мен жазуы қалыптасқан, шығармашылықпен өзін - өзі көрсете алатын, мінез – құлқының мәдениеті жетік жеке тұлға. Аралық бақылау мен оқу жетістіктерінің ішінара мониторингтік бақылау жасау.

* ІІ саты Негізгі жалпы білім беру (5-10). Оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруі, этносаралық қарым – қатынастағы, биік мәдениетті, өзін - өзі танитын кәсіби бағдары қалыптасқан тұлға тәрбиелеуге бағытталған білім.

*ІІІ саты      Жалпы орта білім беру, бейінді оқыту (11-12 сынып). Оқушыларды кәсіпке дейінгі тереңдетілген даярлауды білім алудан гөрі қолдану, әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген түсінікті игеруге, ғылым саласын тереңдетіп оқытуда, оны шығармашылық тұрғыда пайдалануды қамтамасыз ететін - әлеуметтік – гуманитарлық, жаратылыстану, технологиялық бағыттар бойынша бейінді оқыту.

 

(Қосымша)

 

 

 


 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz