s

 №45 "Ақ Орда" мектеп-гимназия сайтына қош келіпсіз!

  

№ 45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының 2009-2010 оқу жылындағы жалпы оқу-тәрбие және ғылыми-әдістемелік бағыттағы әлеуетіне, ағымдағы жай-күйіне талдау

 

Мектеп – гимназияның білім беру жүйесін дамыту мақсатында мектеп – гимназия екі бағытта, яғни жалпы білім беретін (базалық) бағдарлама (1,2 және 3-сатылар) негізінде және гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын концептуалды-дифференциалды (гимназиялық) бағдарламамен (2-3-сатылар), қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану математикалық бағыттағы бағдарлы оқыту бағдарламаларымен  (3-саты)  жұмыс жүргізді.
Білім беру саясаты:
№45 «Ақ Орда» гимназиясы – білім беру мекемесі,мұнда гимназиялық білімді дамытуға барлық жағдайлар жасалды.


Міндеті:
Шығармашыл,белсенді,дені сау,білімі берік, білімін жалғастыруға дайын тұлға қалыптастыру үшін жағдай жасау.


Қызметінің принциптері


Гимназия өз қызметін демократиямен адамгершілік,білімнің зиялы сипаты,жалпы адамшылық құндылықтар басымдылығы,адамның өмірі мен денсаулығы,тұлғаның еркін дамуы,азаматтық тәрбиелеу ұстанымдарына сүйеніп атқарады.
Дамудың мақсаттары мен міндеттері және есеп беру кезеңінде оларды орындау үшін жасалатын әрекеттер.
Басты мақсат:  №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы – білім мекемесі.Мұнда шығармашылығы дамыған,дені сау,білімі берік бәсекеге қабілетті,кәсіптік білім алуға дайын,оның ішінде жоғары білім алуға дайын,өзін-өзі  дамытуға және өзінің жоспарын іске асыра алатын тұлғаны тәрбиелеу үшін жағдайлар жасалды.


Басты мақсатты жүзеге асыру  төмендегі стратегиялық  мақсаттармен жүргізілді:


Мақсаты: Білім мекемесінің басқару жүйесінің дамуына берілген бағдарлама шеңберінде кепіл болатын жүйені жетілдіру. Бұл мақсат 2  деңгейге бөлінеді.

1.Сыртқы ортаның талаптарына сәйкестендірілген гимназияның жұмыс тәртібі.

 2.Сенімді қолдауға ие гимназия дамуының тәртібі.


  Басқару

  1. Басқарудың нормативті- құқықтық базасын құру және түзету.
  2. Әр нормативтік актінің мазмұны мен қолдану шегі туралы пед. ұжымды хабардар қылу.
  3. Жаңартылған нормативтік-құқылық базамен және ұжым мен әкімшілік мүшелерінің қызметтік міндеттерінің құрылымымен сәйкестікке келтіру.
  4. Гимназияның ұйымдастыру мәдениетін жаңарту,мұғалімдердің жеке мақсаттары мен гимназия мақсаттарын ұштастырып ұйымдастыру.
  5. Дамыту барысын қаржыландыруды қамтамасыз ету.
  6. Инновациялық жұмыстарды және зерттеу әрекеттерін басқарудың нормативтік базасын құру.
  7. Гимназияның дұрыс бейнесін қалыптастыру.

Гимназиядағы білім мазмұнын жаңарту:
Бұл мақсат та үшінші деңгейдегі 3 мақсатқа бөлінеді.

Гуманитарлық білімді ары қарай дамыту және оның басты құраушысы- білім  жүйесінің жүйе құраушысы бөлігі ретінде тіл білімін дамыту.

Оқушылардың дамуына жағдай жасайтын тәрбие мен әлеуметтендіру тетіктерін жетілдіру.

Гимназияның оқушылары мен қызметтеріне арналған денсаулық сақтау әдістерімен технологияларын дамыту.

      1. Қосымша білім жүйесін оңтайландыру.
      2. Гимназия шеңберінде сабақтарды,сыныптан тыс сабақтарды және қосымша білімді біріктіру.
      3. Оқушылардың мәдениетті өмір сүру ережелері жайлы түсінігін кеңейту және осы ережелерге тарту.
      4. Психологиялық – педагогикалық ағартудың ата-аналарды қызықтыратын түрлерін дайындау.
      5. Оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған басқару жүйесін құру.

Стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін гимназияның материалдық-техникалық базасын дамыту.


- кітапхана қорын дамыту;
-оқу залын жабдықтау;

-спорттық қорды дамыту;

-бірыңғай телекоммуникациялық желі құру

-интерактив тақта сатып алу

-Акт залын  талаптарына сәйкес жабдықтау және қалыптастыру;   

        Білім беру.

  1. Жаңа мәртебеге сәйкес бағдарламалар мен оқу жоспарын іріктеу.
  2. Берілетін пәндер мен арнайы курстардың жүйесін дайындау.
  3. Мемлекеттік стандарттардың талабын төмендетпейтін ( екі деңгейлік оқыту) оқушылардың түрлі топтарында жұмыстың түрлі әдістемелерін ресми мақұлдау.
  4. Барлық оқу топтарында және барлық пәндер бойынша дамыта оқытуды меңгеру және енгізу.
  5. Біріктірілген курстар бағдарламаларын жасау: информатика,ағылшын әдебиеті т.б
  6. Орыс және ағылшын тілдерін біріктіріп тіларалық әдістемелерді оқып үйрену.
  7. Ағылшын тілін тереңдетіп оқыту үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге дайындау.
  8. Музыкалық және драма театрларының ағылшын тілінде жұмысын құру.
  9. Гуманитарлық пәндер бойынша пікірсайыс клубының жұмысын жетілдіру.
  10. Сабақтағы және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының мәдени бағытын күшейту.
  11.  Оқу жүктемесінің деңгейін төмендету, шамадан тыс тапсырма бермеу.

 Мұғалімдердің және бүкіл пед. ұжымының кәсіби дамуының тиімді жүйесін жасау.
 Кәсібилік.

  1. Екідеңгейлік оқытуды қамтамасыз ететін дидактикалық материалдар дайындау.
  2. Гимназияның әрбір оқушысын жетістікке жеткізетін әдістемелерді меңгеру.
  3. Мұғалімдерде адамгершілік мұрат-мақсат,құндылықтар қалыптастыру
  4. Оқушыларға шамадан тыс тапсырма берудің,оқушылардың шаршауын алдын алу мәселесін әдістемелік және технологиялық деңгейде шешу.
  5. Гимназиядағы инновациялық жұмыстарға ғылыми  қолдауды қамтамасыз ету.
  6. Өз білімін көтеру және инновациялық жұмыс бойынша мониторинг құру
  7. Пәнаралық деңгейде гимназия мұғалімдерінің жобалық технологияны меңгеруі
  8. Білім беру барысына ақпараттық технологияларды енгізу
  9. Әр түрлі пәндерді оқытуда Интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдалану
  10. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мектептермен ақпараттық көпірлер орнату
  11. Оқытудың мультимедиялық бағдарламаларының картатекасын құру.
  12. Қазіргі педагогикалық  технологияларға бейімдеу.
  13. Оқыту мен тәрбиелеуге дамытып оқытуды қолданудың әдістемелері мен технологияларын енгізу және олардың оқу тәрбие барысын жүзеге асырудың гиманзияға арналған дәстүрлі түрлері мен әдістеріне сәйкес келуін қамтамаысыз ету.

  - Білім мекемесі   16   жыл ішінде қалыптасу кезеңінен өтті, тұрақты жұмыс атқару нәтижесінде қызметтің жаңа бағыттарына сұраныс пайда болды.
Мектеп-гимназияда қазақ тілін, математика, биология, орыс тілі, ағылшын тілдері  пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптар ашылды. Уақыт өте келе олар гимназиялық сыныптарға айналды. Гимназияда оқығысы келетіндер саны оның мүмкіндіктерінен асты.
-    Мұғалім мектептің ерекше мәдениеті болып табылады. Ол көңіл-күй жайлылық қалпын, ойлау белсенділгін, шығармашылық ізденіске, жалпы жұмысқа араласуға, өзара түсінуге жағдай жасайды.
Әр жеке тұлғаның ыңғайына қарау мұғалімдерді дұрыс бағалауды  кең қолдануда талап етеді. Ол табыс, қуаныш, оқыту жұмысына қанағаттанушылық жағдайын туғызады, ішкі көңіл еркінін өзін-өзі мақұлдау себебін қамтамасыз етеді.

 

 


 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz