s

 №45 "Ақ Орда" мектеп-гимназия сайтына қош келіпсіз!

  
Мейірімділік ережесі

 

Жоспар 5-7 (түсіріп алу) ----- Жоспар 8-11 (түсіріп алу)

 

Шыр етіп жарық дүниеге келген күннен бастап өз ұрпағыңызды мол мейірім мен жүрек жылуыңызбен аймалаңыздар!

Барша жұртқа, ата-анаға, үлкен-кішіге, құрбы-құрдасқа деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеңіздер!

Рухани азық – үнемі қуаныш, шаттық, бақыт пен сыйластық, шынайы көңілдегі махаббат сезімдеріңізді сыйлаңыздар!

Балаға көңіл-күйін көтеретін жақсы сөзхдерді үнемі айтудан жалықпаңыздар, бір-бірлеріңізбен қарым-қатынаста олардың ойын тыңдап, пікірін ескеруге дейін қойыңыздар!

Отбасындағы қарым-қатынасты және әрбір іс-әрекетті қортындылауда адами /этикет / әдептілікпен, әділетті шешім қабылдаңыздар!

Баланы қорғаңыздар, ұрып, соғып, балағаттаудан аулақ болыңыздар!

Баланың жаның түсініңіздер, сезім сыйлаңыздар, ынтасын арттырыңыздар, талабына қанат бітіріп, талпындырып, ой-қиялын шарықтатып қабілет –қарымын, дарындылығының ашылуына көмек көрсетіңіздер!

Әр ата-ана бақытты балалықтың қорғаны, адамзат ұрпағының тал бесігі, сеніммен сүйіспеншіліктің, жан-жүрек жылуының қызметшісі бола біліңіздер!!!

 

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі қандай болу керек?

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі ең алдымен жүзі жылы, айналасындағыларға әрқашан мейірім  шуағын шашып, балаларға жылы шыраймен, әдемі күлкімен әсер беретін ерекше тұлға болуы қажет.
         Педагог балаларға сабақ берудің алдында бірінші өзін-өзі тануына уақыт бөлуі керек. Өзінің ерекшеліктерін, адамгершілік сезімдерін жоғары қойып, балаларға салқын мінез, жағымсыз көзқарас білдірмеу керек.
         Бала айналасындағы адамдарға көп еліктейді. Сондықтан, педагогтын жүзінен күлкі ойнап, сөздері жүрекке жылы естілетін болса, бала одан үлгі алады.
         Педагог қайырымдылылық, мейірімділік, адалдық т.б. адами құнды қасиеттердің мағынасын жете меңгеруі тиіс. Әр сабақта оқылатын мәтінді, шығарма, әңгімелерді ым – ишара арқылы мәнерлеп оқу балалардың қызығушылығын арттырады.

  1. рухани-адамгершілік қасиеті басым;
  2. адами-қарым-қатынаста сыпайы, әдепті;
  3. баланы сүйе білетін, өзге жұрттың баласын өз баласындай жақсы көре алатын;
  4. сүйіспеншілік сезімі мол;
  5. айналасындағы адамдарға мейірімділікпен қарайтын;
  6. әділетті, шыншыл, төзімді, адал, қайырымды;
  7. балаға қуаныш пен шаттық, жағымды көңіл-күй тудыра алатын;
  8. тәрбиеленушіге жарқын өмір сыйлаушы;
  9. баланың болашағына ақ жол тілеуші;
  10. бақытты балалық шақтың қамқоршысы, қорғаны, тірегі бола білетін;
  11. жүрек жылуын барша шәкірттеріне күннің құдіретті сәулесі тәрізді нұр болып құя білетін адам!

 

Жоспар 5-7 (түсіріп алу) ----- Жоспар 8-11 (түсіріп алу)

 

 

 

 

 


 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz